3 наурыз күні мектебімізде бастауыштың кішкентай ханшайымдары арасында «Ал, кәнеки, қыздар!» атты сайыс ұйымдастырылды. Бұл шара 2-сынып оқушыларының өнерін шыңдап, шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталды.
Сайыс барысында қыздарымыз өздерінің зеректігін, тапқырлығын, шеберлігін және білімдерін көрсете білді. Әр кезең қызықты да тартымды өтіп, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Әділқазылар алқасы қатысушылардың өнерін әділ бағалап, нәтижесінде үздіктер анықталды. Барлық сайыскерлер белсенділік танытып, өздерін тек жақсы қырынан көрсетті.
Мазмұнды әрі тәрбиелік мәні зор бұл кеш балаларға шабыт, көрермендерге қуаныш сыйлады.